Мажарлық компания Қазақстандағы қызметін кеңейтуде

Мажарлық компания Қазақстандағы қызметін кеңейтуде

Тараз, 2023 жылғы 4 шілде - мажарлық «Globalia Ltd.» Жамбыл облысының әкімдігімен өңірде қызанақ өсіру және қайта өңдеу зауытын салу, Тараз қаласының ЖЭО-ны қайта құру және жаңғырту, сондай-ақ «Жаңартылатын энергия көздері мен жасыл сутекті Тараз қаласының қалалық көлік жүйесіне интеграциялау» жобасын іске асыру туралы меморандум жасасты.

Бұған дейін 2023 жылғы 30 Маусымда «Globalia Ltd.» «Қазақстан-Еуроодақ» диалогтық платформасының 12-ші отырысына қатысты. Отырыс орталық мемлекеттік органдар басшылары мен дипломатиялық корпус өкілдерінің, сондай-ақ шетелдік компаниялардың қатысуымен Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің төрағалығымен өткізілді.

Атап өтетін жайт, Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігінің белсенді қолдауымен 2022 жылғы маусымда «Globalia Kft.»  мажарлық компаниясы «KazGlobalia Ltd.» (https://www.kazglobal.info/) атауымен Астанада өз кеңсесін ашып, «Астана» халықаралық қаржы орталығы аумағында тіркелді.

Компания Қазақстанның батысы мен оңтүстігінде күн электр станциясы мен жаңартылатын энергия көздерін дамыту бойынша жобалармен жұмыс жасауда.

Пайдаланған дереккөз: https://primeminister.kz/ru/news/kazakhstan-planiruet-uvelichit-dolyu-vozobnovlyaemykh-istochnikov-energii-v-energobalanse-do-15-k-2030-godu-alikhan-smailov-24599;
https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl/press/news/details/584630?lang=kk