Будапешт, 2023 жылғы 29 маусым - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов 2023 жылғы 29 маусым мен 2 шілде аралығында Мажарстанның Помаз қаласында өтетін дәстүрлі жамбы атудан Әлем Кубогының ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шараның ашылу салтанатына Мажарстанның Мәдениет және инновация Министрінің орынбасары Эстер Витайош қатысты, Қазақстан Республикасының «Жамбы ату» федерациясының президенті Еркебұлан Ильясов, Мажарстанның Жамбы ату академиясының президенті Золтан Немети, Халықаралық жамбы ату альянсының президенті Алан Ле Галл қатысты.
Әлемнің түкпір-түкпірінен спортшылар мен жанкүйерлердің назарын аударған турнирге 14 елден 51 спортшы қатысады.
Әлемдік додада ел намысын жамбы атудан халықаралық дәрежедегі спорт шеберлері Ералхан Айкөз бен Бақдәулет Бабажан, ел чемпионатының жеңімпаздары Батыр Бексауыт пен Мадияр Шәріпбаев сынды мергендер қорғайды. Ұлттық құрама мүшелерін жамбы атудан бас жаттықтырушы Елдос Бадашев бастап кетті.
Ұлттық құраманың әлемдік сында өнер көрсетуіне Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігі, Ұлттық спорт Қауымдастығы мен «Жамбы ату» федерациясы қолдау жасап отыр.
Іс-шараны Мажарстанның жамбы ату академиясының спорт қауымдастығы Халықаралық жамбы ату альянсының қолғабысымен ұйымдастырылды. Қатысушы елдердің қатарына Финляндия, Франция, Германия, Мажарстан, Иран, Италия, Қазақстан, Нидерланды, Польша, Португалия, Швеция, Швейцария, Түркие, Ұлыбритания кіреді.
Атап айта кететін жайт, 2022 жылғы қыркүйегінде Дүниежүзілік этноспорт конфедерациясы Қазақстанның 2024 жылы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын өткізуге өтінімін бірауыздан қолдады. Бұл оқиға Қазақстанда ұлттық спорт түрлерінің дамуына ықпал етеді.