
Қарсаг, 2023 жылғы 24 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның шығысындағы Қарсаг қаласында маусымның соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өтетін ежелгі қыпшақтардың қой етінен пісіру фестиваліне қатысты.
Іс-шара аясында Ж.Әбдрашов Мажарстан Қаржы министрмен Михай Варгамен, Парламентінің депутаты, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковачпен және Карсаг қаласының мэрі Тибор Сепешимен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өңірлік байланыстар талқыланды.
Бұл аумаққа XIII ғасырда келген қыпшақтардың ұрпақтары тарихи түрде Қарсаг қаласында тұратынын, сондақ-ақ Қарсаг қаласы Қазақстанның Меркі қалысымен (Жамбыл облысы) баурылас қала екендігін атап өткен жөн.