Қазақстандық мамандар Мажарстанның ауылдық аумақтарын дамытудың озық тәжірибесін зерделеді

Қазақстандық мамандар Мажарстанның ауылдық аумақтарын дамытудың озық тәжірибесін зерделеді

Будапешт, 2023 жылғы 9 маусым - 2023 жылғы 5-8 маусым аралығында қазақстандық делегация «Қазақстанда қосылған құнның азық-түлік тізбегін дамыту үшін шағын шаруашылықтарды инвестициялық қолдау» ФАО жобасы шеңберінде ауылдық аумақтарды дамыту жөніндегі тәжірибені зерделеу мақсатында Мажарстанға келіп, қауымдастықтарды кешенді дамыту бойынша Үшінші Аймақтық Семинарына қатысты.

Делегация құрамында ҚР Ұлттық экономика Вице-министрі Б.Омарбеков, ҚР Парламенті Мәжілісінің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің мүшесі Н.Әшімбетов, сонымен қатар, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің, ҚР Фермерлер қауымдастығының, Қазақ агроөнеркәсіптік кешен экономикасы және ауылдық аумақтарды дамыту ғылыми-зерттеу институтының және Экономикалық зерттеулер институтының өкілдері болды.

2023 жылғы 5 маусымда Мажарстанның Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Мемлекеттік жиналысының Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінде кездесулер бірқатар өтті. Қазақстандық сарапшылар ауылдық жерлерде кәсіпкерлікті дамыту және көтермелеу, кооперациялық процестерді жетілдіру және мемлекеттік қызметтерге, сондай-ақ ауылдық жерлерде өнеркәсіптік және әлеуметтік инфрақұрылымға қолжетімділікті жақсарту жөніндегі құралдарымен танысты.

2023 жылғы 6 маусымда делегация Мажарстандағы ауылдық аумақтарды және ауылдық туризмді дамыту стратегиясымен танысу мақсатымен бірнеше өңірлерге барып келіп, оның барысында, бірқатар өндірістік шаруашылықтарды аралады, сонадай-ақ ауылды дамытудағы жергілікті азық-түлік жүйелері мен жастардың рөлі туралы семинарына қатысты.

2023 жылғы 7-8 маусымда қазақстандық делегация БҰҰ-ның Еуропа мен Орталық Азиядағы азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымының (ФАО) өңірлік өкілдігі ФАО-ның ҚР-дағы байланыстар және әріптестік бюросымен бірлесіп ұйымдастырған жалпыұлттық және жергілікті деңгейлердегі қауымдастықтарды кешенді дамыту жөніндегі Үшінші Өңірлік Семинардың жұмысына қатысты.

Аталған семинар ФАО-ның Еуропа мен Орталық Азиядағы қауымдастықтар мен аумақтық тәсілдерді кешенді дамыту саласындағы озық тәжірибелер туралы зерттеулерінің негізгі нәтижелерін талқылауға және ұсынуға арналған алаңына айналды. Бұл семинар ЕО-қа кірмейтін елдер үшін ЕО «LEADER»  тәсілін қоса алғанда, практикалық тәжірибемен және ауылды дамытудың әртүрлі тәсілдерімен алмасуға ықпал етті.