
Құрметті Мажарстандағы ҚР азаматтары!
ҚР Мажарстандағы Елшілігі қазіргі таңда біз ҚР СІМ Жедел штабымен, сондай-ақ ҚР Аустриядағы, Словакиядағы, Украинадағы және Чехиядағы Елшіліктерімен бірлесе украиналық «СкайАп» авиакомпаниясының «Киев-Будапешт-Тараз» бағдарымен арнайы чартерлік рейсін ұйымдастыру жұмысын жүргізіп жатқанымызды хабарлаймыз. Борт сыйымдылығы – 189 орын.
«Киев-Будапешт-Тараз» бағдарымен рейс шамамен 2020 жылғы 24 сәуірге жоспарланады. Ұшудың нақты уақыты пысықталуда. Бір билеттің шамамен құны 200-250 евроны құрайды.
Аталған рейспен ұшуға даяр болсаңыз, міндетті түрде бүгінгі күннің соңына дейін өз деректеріңізді (ТАӘ, телефон номері, паспорт деректері, ЖСН) тұрақты тіркелген қаланы көрсете отырып consbudapest@mfa.kz жіберуді сұраймыз. Сіздің тұрақты тіркеу жеріңіз жөніндегі деректер Қазақстан қалаларына кіруге/шығуға бақылау-өткізу бекеттеріндегі тексеруден кедергісіз өту үшін қажет. Өздеріңізге мәлім, елімізде төтенше жағдай енгізілді, осыған байланысты сіз баратын қалада тұрақты тіркеуіңіз болған жағдайда ғана рұқсат етіледі. Тұрақты тіркеудің болуы/болмауы бақылау-өткізу бекеттерінде сіздің ЖСН арқылы деректер базасынан тексеріледі.
Осы рейспен Аустриядағы, Мажарстандағы, Словакиядағы, Украинадағы және Чехиядағы ҚР азаматтары ұшатынын ескере отырып, орындардың шектеулі болуы мүмкін екендігін атап өтеміз. Елшіліктің жоғарыда көрсетілген электрондық мекенжайына жолаушының деректері көрсетілген өтінімді беру уақыты қағидатымен жасалады.
Сұрақтар туындаған жағдайда келесі номерлермен хабарласуға болады: +36307033990 және +36302101831.