Будапешт, 2023 жылғы 19 мамыр – Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталық басшысының орынбасары Алуа Надиркулова Түркі Мемлекеттері Ұйымы елдерінің омбудсмен институттарымен ынтымақтастықты нығайту мақсатында Мажарстанның Іргелі адам құқықтары жөніндегі уәкіл кеңсесі ұйымдастырған халықаралық конференцияға қатысты.
Іс-шараға Әзербайжан, Түркия және Өзбекстан омбудсмендері, Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов, Мажарстанның құқық қорғау органдарының басшылығы және т.б. қатысты.
А.Надиркулова өз сөзінде Қазақстан Республикасында жүргізіліп жатқан қайта құрулардың барысы, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру призмасы арқылы мемлекеттік билік пен азаматтық қоғамның өзара іс-қимылы және оның келешегі туралы айтып берді. Сонымен бірге Қазақстанның құқық қорғау әлеуетін едәуір кеңейтетін ережелер, ел дамуының демократиялық контекстіндегі саяси реформалар, сондай-ақ Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің қазақстандық кеңсесінің ағымдағы мәселелері түсіндірілді.
Конференция Түркі Мемлекеттері Ұйымы елдері омбудсмендерінің Мажарстанның Іргелі адам құқықтары жөніндегі уәкілі Акош Козма ұйымдастырған Мажарстанға жұмыс сапарының айғағы болғанын атап өткен жөн.
Жұмыс сапары барысында Қазақстанның Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталығы басшысының орынбасары Мажарстан өңірлеріне барып, елдің пенитенциарлық мекемелері мен полиция басқармаларының қызметімен танысып, бірқатар екіжақты кездесулер өткізді.