Будапешт, 2023 жылғы 15 мамыр - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның адам құқықтары жөніндегі уәкілі Акош Козмамен кездесті.
Кездесу барысында тараптар адам құқықтары жөніндегі ұлттық институттардың рөлін талқылап, Қазақстан мен Мажарстан арасындағы ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға келісті.
Елші сұхбаттасушыны Қазақстанда жүргізіліп жатқан ашық және әділ қоғам құруға, сондай-ақ заңның үстемдігін және адам құқықтарын қорғауды қамтамасыз етуге бағытталған саяси реформалардың негізгі аспектілерімен таныстырды.
Өз кезегінде адам құқықтары жөніндегі уәкілі Мажарстан Түркі Мемлекеттері Ұйымы елдерінің омбудсмен институттары арасындағы өзара іс-қимылды дамытуға мүдделі екенін атап өтті.