Будапешт, 2023 жылғы 13 мамыр – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Үлкен Қыпшақ Надькуншаг жерінде 27-ші Берекфюрд халықаралық өнер көрмесінің салтанатты ашылуына қатысты.
Қазақстанға бауырлас аумағында – Үлкен Қыпшақияда өтіп жатқан көрмеде Қазақстаннан келген суретшілері - Наталья Лигай мен Гүлмарал Тәтібаеваның жұмыстары ұсынылуда. Олар Қазақстан Суретшілер және Дизайнерлер одағының мүшелері болып табылады, жоғары наградалармен марапатталған. Олардың жеке көрмелері Қазақстанда, Ресейде, АҚШ-та, Еуропа мен Азия елдерінде өтті. Шығармашылық - елдер арасындағы өзара әрекеттестіктің табиғи қозғаушы күші екенін атап өтті.
Іс-шарада сөйлеген сөзінде Елші, қазақстандық суретшілердің халықаралық көрмеге қатысуы мәдени алмасудың маңызды бөлігіне айналып, бауырлас елдеріміз арасындағы өзара түсіністікті тереңдетуге және екіжақты қатынастарды нығайтуға зор үлес қосатынын атап өтті.
Берекфюрдө халықаралық өнер көрмесінің жобасы шамамен 30 жыл бойы жұмыс істеуде. Биыл бұл құрметке Қазақстанның суретшілері ие болды.