Будапешт қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Будапешт қаласында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай гүл шоқтарын қою рәсімі өтті

Будапешт, 2023 жылғы 5 мамыр - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына орай Бостандық алаңында (Szabadság tér) және Будапешттің орталық зиратында (Kerepesi) кеңестік азат етуші жауынгерлердің ескерткіштеріне гүл шоқтарын қою рәсіміне қатысты.

Атап айтқанда, Кеңестік азат етуші жауынгерлерге арналған ескерткіш 1945 жылы Ұлы Отан соғысы аяқталғаннан кейін, Будапешттің орталығындағы Бостандық алаңында орнатылды.

1944-1945 жылдары Мажарстанда екі ауқымды әскери операция жүргізілді: Балатон операциясы және Будапештке шабуыл («Дунай Сталинграды» делінетін).

Бүгінгі таңда, Мажарстанда Екінші дүниежүзілік соғыс кезеңіне жататын 1032 жерлеу бар екені белгілі. Олардың ішінде 112 625 адам жерленген. Қазіргі Мажарстан аумағында 140 мыңнан астам кеңес сарбаздары мен офицерлері қаза тапқан болатын.

Қазақстан Республикасының Елшілігі Мажарстан аумағында әскери-мемориалдық қызметті тұрақты негізде жүргізіп келеді. Оның ішінде Қазақстанның тумалары мен жауынгерлердің жерленген жерлерін іздестіру жұмыстары жатады.