2023 жылғы 27-28 сәуір - Будапештте белгілі мажар ғалымы, зерттеушісі және этнографы Вильмош Диосегидің 100 жылдығына арналған Түркі елдері музейлерінің форумы болды. Іс-шара ТҮРКСОЙ мен Түркі Мемлекеттері Ұйымының Будапешттегі өкілдігінің қолдауымен Мажарстанның Этнографиялық музейлерінің өтті.
Форум жұмысына Түркі елдері музейлерінің ғалымдары мен басшылары қатысты. Қазақстан Республикасының атынан Қазақстан Республикасы Орталық музейінің директоры Рашида Харипова қатысты. Ол форум қатысушыларын Орталық музей жұмысының негізгі бағыттары туралы таныстырып, өткізілетін іс-шаралар мен көрмелер туралы айтып, «Қазақтардағы шаманизм мен фольклор дәстүрлері» тақырыбында баяндама жасады.
Сонымен қатар Рашида Харипова Мажарстанның жаратылыстану музейінің директоры Жолт Берннертпен, Этнографиялық музейінің директоры Лайош Кеменчимен және Ұлттық музейінің директоры Ласло Шимонмен кездесулерді өткізді. Келіссөздер барысында археология, этнография саласындағы ынтымақтастықтың келешегі мен бағыттары, музей ісі, ғылыми өзара іс-қимыл саласындағы қазақстандық мамандардың біліктілігін арттыру курстарын өткізу, сондай-ақ Қазақстан мен Мажарстан жинақтамаларының бірлескен көрмелерін ұйымдастыру талқыланды.
Кездесу қорытындысы бойынша және өзінің жоғары ниетін растау мақсатында Мажарстанның этнографиялық және Ұлттық музейлерімен өзара ынтымақтастық туралы меморандумдарға қол қойылды.