Будапешт, 2023 жылғы 26 сәуір - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысы Петер Стараимен кездесті.
Тараптар халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді, энергетика саласындағы Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ халықаралық ұйымдар шеңберіндегі ынтымақтастықты талқылады.