Мажарстанда Қазақстандағы саяси реформалар мен парламенттік сайлау жоғары бағаланды

Мажарстанда Қазақстандағы саяси реформалар мен парламенттік сайлау жоғары бағаланды

Будапешт, 2023 жылғы 31 наурыз - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтымен бірлесіп «Саяси реформалар: Қазақстандағы кезектен тыс парламенттік сайлаудың нәтижелері» тақырыбында дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстел жұмысына Мажарстан парламентінің, сыртқы саясат ведомствосының, халықаралық ұйымдардың, сондай-ақ елдің академиялық, сараптамалық, журналистік және бизнес топтарының өкілдері қатысты.

Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов кездесу қатысушыларын 2022 жылғы наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған Қазақстандағы саяси реформалардың іске асырылуы туралы, ҚР Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының өткен сайлауының нәтижелері туралы, сондай-ақ Президенттің жаңадан сайланған депутаттық корпус алдына қойған негізгі міндеттері туралы хабардар етті.

Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының директоры Мартон Шөберль бүгінгі таңда қазіргі жаһандық трендтерді ескеру қажет екенін атап өтті. Оның пікірінше, бұл тұрғыда Президент Тоқаевтың түрлі өңірлік және жаһандық сын-тегеуріндерге қарсы тұру ісіндегі үлкен дипломатиялық тәжірибесі ерекше өзекті.

Мажарстанның Мемлекеттік жиналысының депутаты, «Мажарстан-Қазақстан» парламенттік достық тобы басшысының орынбасары Шандор Ковач өз сөзінде парламенттік сайлауда бақылаушы ретінде Қазақстанға сапары туралы айтты. Атап айтқанда сайлау процесін ұйымдастырудың жоғары деңгейде болғанын жоғары баға берді. Оның айтуынша, Қазақстан өзінің демократиялық бағытын нығайтуға айтарлықтай күш салып отыр.

Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Адам Штифтер екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы қарым-қатынастардың жоғары деңгейін, сондай-ақ, Мажарстан Қазақстанды Орталық Азиядағы негізгі әріптес ретінде қарастыратынын және еліміздегі демократиялық қайта құру процесін толық қолдайтынын атап өтті.

«Корвинус» университетінің Орталық Азия зерттеулер орталығының директоры Мартон Краснаиның айтуынша, Қазақстан таңдаған стратегиялық бағыт бүкіл Орталық Азия өңірінің тұрақтылығына елеулі үлесі.

Сарапшының пікірінше, демократиялық реформалардың жеделдетілген қарқыны Президент Тоқаевтың стратегиялық көрегендігінің айқын көрінісі, яғни дипломат және жоғары лауазымды саяси қайраткер ретінде жарты ғасырлық тәжірибесі бар және көп векторлы сыртқы саясатты жалғастыру үшін өзінің беделі демократиялық мандатын пайдаланады. Оның айтуынша, Мажарстан ЕО мен Орталық Азия арасындағы ынтымақтастығын нығайтудың Қазақстанның ең белсенді жақтаушысы.

Іс-шараның модераторы болған Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының аға ғылыми қызметкері Ласло Ваша Қазақстанның қоғамды демократияландыруға және адам құқықтарын қорғауға бағытталған реформаларды дәйекті іске асырудағы жетістіктерін жоғары бағалады.

Парламенттік сайлау кезінде Қазақстанға журналист ретінде болған «Мандинер» мажар баспасының сыртқы саяси шолушысы Матьяш Кохан Қазақстан Республикасы Үкіметінің жас басқарушы құрамының ашықтығын және бүкіл қазақстандық қоғамның транспаренттілігін, сондай-ақ өткен сайлауды ұйымдастырудың жоғары деңгейін атап өтті.

Жалпы, мажар сарапшылар Қазақстанның биыл өткен жылы қол жеткізген іргелі демократиялық қайта құрулар деңгейін жоғары бағалады, сондай-ақ біздің еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа бағытына қолдау білдірді.

Жалпы, венгриялық сарапшылар Қазақстанның былтыр қол жеткізген іргелі демократиялық қайта құрулар деңгейін жоғары бағалап, еліміздегі саяси және әлеуметтік-экономикалық реформалардың жаңа бағытына қолдау білдірді.