Қазақстанның елшісі мажар «Ganzair Compressortechnics» компаниясының зауытында болды

Қазақстанның елшісі мажар «Ganzair Compressortechnics» компаниясының зауытында болды

Будапешт, 2023 жылғы 20 наурыз – Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов Кишкунхалаш қаласындағы «Ganzair Compressortechnics» компаниясының зауытына барып, компрессорлар мен сутегі электролизерлерін шығару үдерісімен танысты.

Зауытта жасалған екі электролизер жақын арада Қазақстанға жолданады және жасыл сутекті өндіру үшін Шымкент және Тараз қалаларындағы «Kazglobal» компаниясының жобаланатын күн электр станцияларына орнатылады. Өндірілген сутегі қалалардың энергия желісіндегі электр энергиясын теңестіруге негіз болады.

Компанияның атқарушы директоры Оливер Гидаимен кездесуде жасыл энергетика және жасыл сутекті пайдалану мәселелері, сондай-ақ Қазақстанмен ынтымақтастық перспективалары талқыланды.

Анықтама: «Ganzair Compressortechnics» өнеркәсіптік компрессорлық жүйелерді, автомобиль және газ компрессорларын, генераторлық қондырғыларды шығарады, сондай-ақ қызмет ету мерзімі ішінде өз өнімдеріне техникалық қызмет көрсетуді және жөндеуді қамтамасыз етеді.