
Будапешт, 2023 жылғы 8 наурыз - Елші Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның «MOL Group» мұнай-газ компаниясының Президенті Жолт Хернадимен кездесу өткізді.
Тараптар мұнай-газ саласындағы екіжақты ынтымақтастықты дамыту перспективаларын, атап айтқанда «Ural Oil and Gas» ЖШС құрамында Батыс Қазақстан облысындағы «Рожковское» газ конденсатты кен орнын игеру жөніндегі бірлескен жобаны іске асыру барысын талқылады.
Сондай-ақ кездесуде Мажарстан мен Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне қазақстандық мұнайын жеткізуін ұлғайту мүмкіндіктері қаралды.
Сонымен қатар, Елші Әбдрашов мажар әріптестерін Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен алдағы парламенттік сайлау туралы хабардар етті.
«MOL» компаниясы Орталық және Шығыс Еуропадағы ірі мұнай-газ компаниясы, ал «Ural Oil and Gas» ЖШС жетекші техникалық компанияның бірі. Елдің газ ресурстық базасын ұлғайту жөніндегі жобалардың бірі ретінде ҚР газ саласын дамытудың кешенді жоспарына енгізілген «Рожковское» кен орнын коммерциялық пайдалануға енгізу жақын арада жоспарланған. Қазақстанда жұмыс істеген уақыт ішінде компания еліміздің экономикасына 200 млн. АҚШ долл. астам инвестиция құйған.