Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Мажарстанның СӨП Вице-президенті, «MOL» компаниясының бас директорының кеңесшісімен кездесті

Қазақстанның Мажарстандағы елшісі Мажарстанның СӨП Вице-президенті,  «MOL» компаниясының бас директорының кеңесшісімен кездесті

Будапешт, 2023 жылғы 20 ақпан - Елші Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сауда-өнеркәсіп палатасының вице-президенті, «MOL» мұнай-газ компаниясының бас директорының кеңесшісі Шандор Фашимонмен кездесу өткізді.

Тараптар екіжақты сауда-экономикалық ынтымақтастықтың, оның ішінде мұнай-газ саласындағы ынтымақтастықтың жай-күйі мен даму перспективаларын талқылады.

Сондай-ақ, қазақстандық дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар және алдағы парламенттік сайлау туралы хабардар етті.

Шандор Фашимон бұдан дейін Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы болған және екі ел арасындағы сауда-экономикалық қатынастардың дамуына зор үлес қосқан болатын.