Будапешт, 2023 жылғы 14 ақпан - Елші Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының директоры Мартон Шөберлмен кездесу өткізді.
Қазақстандық дипломат Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар және алдағы парламенттік сайлау туралы айтып берді.
Сонымен қатар кездесуде Қазақстан-Мажарстан қарым-қатынастарының жай-күйі мен келешегі, халықаралық проблемалар, сондай-ақ Мажарстан институтының Қазақстанның «ой-талқы» орталықтарымен ынтымақтастық мәселелері талқыланды.