
ҚҰРМЕТТІ ОТАНДАСТАР!
2023 жылғы 19 наурызда (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі (мекен-жайы: 1025 Budapest, Kapy utca 59.) жанындағы № 243 дауыс беру учаскесінде Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы өтеді.
Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар.
Осы құқықты жүзеге асырудың кепілі ретінде, деректеріңіз сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтар тізімінде болуы қажет. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі жанындағы № 243 дауыс беру учаскенің тізіміне болу елінің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.
№ 243 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін өз мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі, Мажарстанда тұратын мекенжайы және Қазақстандағы тіркелу мекенжайы, байланыс деректер: телефон, электрондық пошта) erkh243@gmail.com электрондық мекенжайына алдын-ала жіберуді немесе ОНЛАЙН САУАЛНАМАНЫ:
https://docs.google.com/forms/d/1v_9ycLfb3xKZJsZbYmhoILlv21DvGgX2XiyE51LBZHg/edit?pli=1 ТОЛТЫРУДЫ СҰРАЙМЫЗ.
Елшіліктің: +36 (1) 275-13-00, +36 (1) 275-13-01 телефондары арқылы хабарласып, тізімге қосылғаныңызды тексере аласыз.
Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауына қатысу құқығын жүзеге асыруға шақырамыз.
Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан, сонымен қатар Елшіліктің кейінгі ақпараттық хабарламаларында таныса аласыз.
Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.
Құрметпен,
Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі