Мажарлық Сегед университетінде Абай оқулары өтті

Мажарлық Сегед университетінде Абай оқулары өтті

2020 жылғы 11 наурызда Мажарстанның Сегед қаласында қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының 175-жылдығына арналған Абай оқулары өтті. Іс-шара барысында осы жылы 1150-жылдығы аталып өтетін ғұлама, философ Әбу Насыр әл-Фарабидің де мұрасы талқыланды.

Сегед университетінің Алтаистика кафедрасында өткізілген іс-шараға профессорлық-оқытушылық құрам, университеттің мажарлық және қазақстандық студенттері, сондай-ақ аталған университетте дәріс беретін отандасымыз Р.Мүкішова қатысты. 

Өз сөзінде Елші Ж.Әбдрашов Қазақстан мен Мажарстан арасында мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық қарқынды дамып жатқанын, ағымдағы жылы Қазақстанда Абай Құнанбайұлы мен Әл-Фарабидің мерейтойларын бірге атап өтетінін жеткізді.   

Мажар тарапынан Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар факультетінің деканы, Проф. З.Дьенге және Алтаистика кафедрасының меңгерушісі, Проф. И.Зимони сөз алып, Абай мен Әл-Фарабидің әлемдік мәдени мұраға қомақты үлес қосқанын атап өтті.  

 Іс-шара барысында мажар тілінде жарыққа шыққан Абай туралы кітаптар және Қазақстан тарихы туралы басқа да кітаптар Сегед университетінің кітапханасына сыйлық ретінде берілді.  

Іс-шара аяқталған соң Елші Ж.Әбдрашов Сегед университетінің Халықаралық және қоғамдық істер жөніндегі вице-ректоры П.Закармен кездесті.