Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентінің қабылдауына қатысты

Қазақстан Елшісі Мажарстан Президентінің қабылдауына қатысты

Будапешт, 2023 жылғы 11 қаңтар Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдірашов дипломатиялық корпус үшін ұйымдастырылған Мажарстан Президенті Каталин Новактың жаңа жылдық қабылдауына қатысты.

Жаңа заманауи «Мажар музыка үйінің» қабырғаларында өткен іс-шарада сөйлеген салтанатты сөзінде Мажарстан Президенті Каталин Новак шет мемлекеттердің елшілерін 2023 жылды бейбітшілік жылы ету үшін өзара құрмет пен прагматизм рухында бірлесіп жұмыс істеуге шақырды.

Айта кетейік, Каталин Новак Мажарстанның тарихындағы отбасылық және мәдени құндылықтарды нығайтуды жақтайтын алғашқы әйел Президент.