Будапештте Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысының Ұйымға мүше елдердің елшілерімен кездесуі өтті

Будапештте Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысының Ұйымға мүше елдердің елшілерімен кездесуі өтті

Будапешт, 2023 ж. 12 қаңтарда ҚР-дың Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов Будапешттегі Түркі мемлекеттері ұйымы (ТМҰ) Өкілдігінің «Ибл Вилла» резиденциясында өткен ТМҰ Бас хатшысы Кубанычбек Омуралиевтің ТМҰ-ге мүше елдердің елшілерімен кездесуіне қатысты.

Іс-шараны Будапешттегі ТМҰ өкілдігі К.Омуралиевтің ТМҰ Бас хатшысы ретінде Мажарстанға жасаған алғашқы ресми сапары аясында ұйымдастырды. Кездесуге ТМҰ-ке мүше елдердің Елшілері, сондай-ақ Будапешттегі ТМҰ өкілдігі хатшылығының қызметкерлерінің халықаралық командасы қатысты.

Өзінің кіріспе сөзінде К.Омуралиев ТМҰ-ге мүше мемлекеттері мен байқаушылардың басшылары және сыртқы істер министрлерімен өткен және алдағы кездесулері, сондай-ақ Ұйымның 2023 жылға арналған жұмыс жоспарлары туралы хабардар етті. Сондай-ақ, Бас хатшы ТМҰ Хатшылығы Ұйымның Будапешттегі өкілдігімен бірлесіп ЕО елдерімен және Вышеград тобымен көпжақты ынтымақтастықты дамыту бойынша белсенді жұмыс атқаратынын баса айтты.

К.Омуралиевтен кейін сөз сөйлеген ТМҰ Будапешттегі өкілдігінің атқарушы директоры Янош Ховари 2019 жылы ашылғаннан бері Қазақстан Елшілігінің өкілдік қызметіне қосқан елеулі үлесін ерекше атап өтіп, сол үшін Ж.Әбдірашовқа алғысын білдірді.

Қазақстан Елшісі Ж.Әбдрашов өз сөзінде мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты дамытумен қатар, Мажарстандағы ТМҰ өкілдігіне ТМҰ мүше-мемлекеттері арасында және Еуропа елдерімен сауда-экономикалық, инвестициялық, энергетикалық және көліктік ынтымақтастықты дамытуына көбірек күш салуы қажет екенін атап өтті. Сондай-ақ, Елші кездесуге қатысушыларды ҚР Мажарстандағы Елшілігі Будапешттегі ТМҰ өкілдігінің жобаларын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатынына, бастамаларды қолдайтынына және тығыз ынтымақтастықта болатынына сендірді.