Қазақстан Елшісі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті

Қазақстан Елшісі Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Мемлекеттік хатшысының орынбасарымен кездесті

Будапешт, 2022 жылғы 24 қараша – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Біліктілікті арттыру және шәкіртақы бағдарламасы және ғылыми дипломатия мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысының орынбасары Миклош Лендьелмен кездесті.

Кездесу барысында Елші Қазақстан азаматтарына ұсынып отырған «Хунгарикум Стипендиум» бағдарламасы бойынша мемлекеттік білім беру гранттары үшін алғысын білдіріп, 2013 жылғы 19 қарашадағы Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі мен Венгрия Республикасының Адами ресурстары министрлігі арасындағы Білім және ғылым саласындағы ынтымақтастық туралы келісім шеңберіндегі осы бағдарламаның табыстылығын атап өтті.

Кездесу соңында Қазақстан Елшісі Мемлекеттік хатшының орынбасарына Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуына орай Елшілік шығарған мерейтойлық марканы табыс етті.