Будапешт, 2022 жылғы 15 қарашада Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде БАҚ өкілдері мен сарапшылардың қатысуымен брифинг өтті. Іс-шара барысында Қазақстанда жүргізіліп жатқан саяси реформалар мен алдағы кезектен тыс президенттік сайлау талқыланды.
Өз сөзінде Қазақстан Елшісі Жәнібек Әбдрашов қараша айының басында Мемлекет басшысы қол қойған алты заңда көрсетілген мемлекет жұмысының негізгі қағидаттарын қозғайтын елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды конституциялық реформалар туралы айтып берді. Қазақстандық дипломат саяси өзгерістер азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.
20 қарашада өтетін ҚР Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысты Ж.Әбдірашов сайлау конституциялық және соған байланысты заңнамалық реформалар аясында өтіп жатқанын, республиканың демократиялық жүйесін нығайтуға бағытталғанына назар аударды.
Еркін пікірталас форматында іс-шара тақырыбы бойынша сарапшылар мен журналистер өз пікірлерін білдірді. Мажарстанның сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының аға ғылыми қызметкері, профессор Ласло Ваша Қазақстандағы кезектен тыс президенттік сайлау елдегі саяси өмірді дамытуға жасалған кезекті қадам екенін атап өтті.
«Mathias Corvinus Collegium» сарапшысы Чаба Молдиц Қазақстан елдің әлеуметтік-экономикалық өмірін реформалауға бағытталған бағытты айқын көрсетеді деген пікірімен бөлісті.
Журналистер Қазақстанда жүзеге асырылып жатқан саяси-әлеуметтік реформалар мен алдағы президенттік сайлаудың ашықтығын көрсететін мемлекет басшысының бастамалары бойынша толық ақпарат алды.
Іс-шара қатысушыларына ақпараттық материалдар таратылып, Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасындағы дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толуын мерекелеу аясында елшілік шығарған мерейтойлық пошта маркалары табыс етілді.