Будапешт, 2022 жылғы 11 қарашада Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов Түркі мемлекеттері ұйымының (ТМҰ) Будапешттегі өкілдігінің «Ибл Вилла» резиденциясында өткен ТМҰ-ның 9-шы саммитінің «Ағаш отырғызу рәсімі» сайд-ивентіне қатысты
Будапешттегі ТМҰ өкілдігінің қолдауымен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және Сыртқы істер министрлігі (СЭБСІМ) ұйымдастырған іс-шараға Мажарстанның Премьер-министрі кеңсесінің, СЭБСІМ, Ауыл шаруашылығы министрлігінің (АШМ) өкілдері, Мажарстандағы ТМҰ елдерінің елшілері, сондай-ақ Мажарстанда «Stipendium Hungaricum» стипендиясы бойынша оқып жатқан ТМҰ елдерінің студенттері қатысты.
Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев Самарқандтағы кіріспе сөзінен кейін Қазақстан Елшісі Ж.Әбдірашов басқа да ТМҰ елдерінің елшілерімен бірге «Ибл Вилланың» бақшасына алмұрт көшеттерін отырғызды.
Аталған сайд-ивент Самарқандта өткен ТМҰ 9-шы саммитінің «Ағаш отырғызу рәсімімен» қатар өтті, оның шегінде ТМҰ-ге мүше елдердің мемлекет басшылары Түркияның «Ұлттық ағаш отырғызу күні» құрметіне көшеттер отырғызды.