Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына тіркелу - 2022

Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына тіркелу - 2022

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 20 қарашада (жергілікті уақыт бойынша 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі (мекен-жайы: 1025 Budapest, Kapy utca 59.) жанындағы № 243 дауыс беру учаскесінде Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауы өтеді.

Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының сайлауға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Осы құқықты іске асырудың кепілі деректеріңіз сайлауға қатысуға құқығы бар азаматтарының тізімінде болуы тиіс. Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі жанындағы № 243 дауыс беру учаскенің тізіміне осы елдің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.

№ 243 сайлау учаскесінің сайлаушылар тізіміне тіркелу үшін өз мәліметтерді (Т.А.Ә., туған күні, ЖСН, паспорт нөмірі: берілген күні мен жарамдылық мерзімі, Мажарстанда тұратын мекенжайы, байланыс деректер: телефон, электрондық пошта) erkh243@gmail.com электрондық мекенжайына алдын-ала жіберуді немесе ОНЛАЙН САУАЛНАМАНЫ: https://docs.google.com/forms/d/19aUjxBr1rg4cKdNPZKHtTYHQ7G9h5RX2-wwZ9ZOsUOQ/edit толтыруды сұраймыз.

Елшіліктің : +36 1 275 13 00, +36 1 275 13 01 телефондары арқылы хабарласып, тізімге қосылғаныңызды тексере аласыз.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және Қазақстан Республикасы Президентінің кезектен тыс сайлауына қатысу құқығын жүзеге асыруға шақырамыз

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан, сонымен қатар Елшіліктің кейінгі ақпараттық хабарламаларында таныса аласыз.

Сайлау күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының жарамды паспорты болуы қажет.