Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулы – Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулы – Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерекелік медалімен марапатталды

Будапешт, 2022 жылғы 20 қыркүйек – Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов, Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Құрметті Консулы, Қазақстан-Мажарстан Іскерлік кеңесінің тең төрағасы Ласло Хорватпен кездесу өткізді. Әңгімелесу барысында сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақтастықты арттыруға ерекше назар аудара отырып, Қазақстан-Мажарстан арасындағы дәстүрлі достық қарым-қатынастарын одан әрі дамытудың өзекті мәселелері талқыланды.

Қазақстан Республикасының Елшісі, Мажарстанда “Стипендиум Хунгарикум” гранты бойынша білім алып жатқан қазақстандық жастарды ауыл шаруашылығы қарым-қатынастарын кеңейтуге серпін бере алатын, Қазақстан-Мажарстан бизнес ортасына тарту мүмкіндігі туралы атап өтті.

Өз кезегінде, Құрметті консул Қазақстан мен Мажарстан арасындағы бизнесті дамыту бойынша жұмысты жандандыруға мүдделі екенін айтты.

Кездесу соңында Жәнібек Әбдрашов, Ласло Хорватқа Қазақстан Республикасының сыртқы саяси бағытын іске асыруға қосқан үлесі үшін «Қазақстан Республикасының дипломатиялық қызметіне 30 жыл» мерекелік медалін табыс етті.