
Будапешт, 2022 жылғы 5 қыркүйек – Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулысына сәйкес Қазақстан халықтарының тілдері күнін мерекелеу шеңберінде Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігінде Ахмет Байтұрсынұлының 150 жылдығына арналған дөңгелек үстел өтті. Аталған іс-шараға Мажарстан PhD мен DLA докторлары қауымдастығы және мажар академиялық топтарының өкілдері, сондай-ақ Мажарстанның жоғары оқу орындарында тарих, филология және саяси ғылымдар мамандықтары бойынша білім алып отырған PhD докторларына қазақстандық кандидаттары қатысты.
Іс-шара барысында қатысушылар қазақтың көрнекті қоғам және мемлекет қайраткері Ахмет Байтұрсынұлының қазақ халқының рухани жаңғыруына қосқан өлшеусіз үлесін талқылады.
Қазақстандық докторанттар өз баяндамаларында оның өмірбаянына, қазақ әліпбиінің, қазақ тілінің фонетикасының, синтаксисі мен этимологиясының қалыптасуына әкелген ұлттық жазу реформаларына кеңінен тоқталды.
А. Байтұрсынұлының қажырлы еңбегі қазақ әдебиеті мен сауаттылығын арттырып, ұлттық мектеп пен қазақ әдебиетінің берік іргетасын қалағаны атап өтілді.
Дөңгелек үстелге қатысушылары А. Байтұрсынұлының қазақ тілінде жарық көрген және ХХ ғасырдың басындағы қазақ халқы арасында ең танымал және ықпалды болған «Қазақ» газетінің бас редакторы ретіндегі жұмысын талқылады. Атап айтқанда, осы газеттің беттерінде ұлттық зиялылар өкілдері «Алаш» партиясы бағдарламасының жобасын жариялаған болатын.
А. Байтурысынұлының халықты білім мен еңбексүйгіштікке баулуы үшін жазылған және қазақтың өнерін дамытуға, мәдениетін арттыруға бағытталған «Маса» поэтикалық жинағын талқылау да назардан тыс қалған жоқ.
А. Байтұрсынұлының қызмет рухына бөлену үшін қазақстандық докторанттар оның шығармаларын оқып, «Ахмет. Ұлт ұстазы» телехикаясының үзінділері көрсетілді.
Дөңгелек үстел жұмысын қорытындылай келе, іс-шара қонақтары Мажарстан мен Қазақстан ұлттық зиялыларының арасындағы бостандық үшін күрескен және сана-сезімді нығайту тырысқан қайраткерлері арасында параллельдер өткізді.