Қазақстан Республикасының Елшісі Мажарстанда оқу жылының ашылу салтанатына қатысты

Қазақстан Республикасының Елшісі Мажарстанда оқу жылының ашылу салтанатына қатысты

Будапешт, 2022 ж. 28 тамызда - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов Будапешттегі «Варкерт Базар» сарайында өткен Корвинус университетінің оқу жылының басталуына арналған ашылу салтанатына қатысты.

Жыл сайынғы іс-шараны Мажарстандағы экономика, менеджмент және әлеуметтік ғылымдар саласындағы ең көрнекті оқу орны болып табылатын Корвинус университеті ұйымдастырды.

Іс-шара барысында Мажарстанның Президенті Каталин Новак, университет ректоры Элод Такатс және Корвинус университетінің студенттер одағының президенті Виола Бэк баяндама жасады. Сонымен қатар, іс-шара бағдарламасында Будапешттегі музыкалық жоғары оқу орындары студенттерінің қысқаша концерті және Корвинус университетінің фольклорлық би тобының өнері көрсетілді.

Жыл сайынғы салтанатты рәсім Корвинус университетінің басты оқиғасы болып табылады, оған университеттің барлық студенттері мен құрметті қонақтары, соның ішінде мемлекеттік қызметкерлер, дипломатиялық корпус, БАҚ және т.б. тұлғалар шақырылады. Іс-шара университет студенттерін оқу орынның қызметімен, оның бағдарламасы мен болашаққа арналған жоспарларымен таныстыруына бағытталған.