
Будапешт, 2022 ж. 21 тамызда - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Жәнібек Әбдрашов Бекташ сопылық дәруіші «Гюль-Баба-Тюбренің» кесенесінде өткен «Жібек жолы: Дунайдан Орхонға дейін» раллиінің ашылу салтанатына қатысты.
Іс-шараны Мажарстандағы Түркияның Елшілігі, Халықаралық түрік мәдениет ұйымы (ТҮРКСОЙ) және Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігі Түркі мемлекеттер ұйымының Будапешттегі өкілдігінің қолдауымен ұйымдастырды.
Ралли бағыты Сербия, Болгария, Түркия, Грузия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қазақстан және Қырғызстан аумағы арқылы өтеді.
«Жібек жолы: Дунайдан Орхонға дейін» раллиінің мақсаты саяхат бағдары бойында орналасқан елдер мен қалалардың тарихи, мәдени, табиғи және туристік сұлулығын танымал ету, сондай-ақ мәдениетаралық байланысты алға бастыру болып табылады.