
Будапешт, 2022 ж. 20 тамызда - Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі әйгілі Буда бекіністе 2022 ж. 19-21 тамызда өткен 36-шы жыл сайынғы Халық көркем шығармашылығы фестиваліне (Mesterségek Ünnepe) қатысты.
Іс-шараны Мажарстан ұлттық қолөнершілер қауымдастығы (Népművészeti Egyesületek Szövetsége) ұйымдастырды. Фестиваль тек би және музыкалық бағдарламаларымен ғана емес, сонымен қатар жергілікті және шетелдік қолөнершілер қонақтарға қолдан жасалған бұйымдарды сататын жәрмеңкемен де танымал.
Фестиваль барысында Елшіліктің дипломаттары Қазақстан павильонына барып, онда Қазақстаннан келген қолөнершілер мен кәсіпкерлер келушілерге қазақ ұлттық дәстүрлі бұйымдарын, костюмдерін және кәдесыйларын ұсынды.
Өнер туындыларында көшпенділердің қайталанбас мұрасы бейнеленген атақты қазақ зергерлік шебері Сержан Башировтың қолөнер бұйымдарына Мажар жұртшылығы үлкен қызығушылық танытты.