
Будапешт, 2022 жылғы 10 тамызда Абай Құнанбайұлының 177 жылдығын мерекелеу аясында Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі ұлы қазақ ақыны, ойшылын еске алып, 2014 жылғы Будапешт қаласының астаналық «Варошлигет» паркінің Астана көшесінің бойынша орналасқан Абай мүсініне гүл шоқтарын қойды.
Іс-шараға «Абай» орталығының басшысы Мандоки Онгайша мен «Барыс» қазақ-мажар қорының директоры Андраш Гал қатысты.
Іс-шара барысында ұлы ақынның өмірі, оның рухтандыратын дала мен таудың өлең жолдары, қазақ халқының дәстүрлері мен мәдениетінен ажырамастығы атап өтілді.
Сондай-ақ 2021 жылғы 26 тамызда Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығының аясында Мажарстанның Мемлекеттік жиналысы спикерінің орынбасары Шандор Лежактың қолдауымен Лакителек халық институтында Абай мүсінінің салтанатты ашылу рәсімі өтті.
Мажарстан алғаш рет қазақ даласының ақынымен 1956 жылы танысқан, оның «Сабырсыз, арсыз еріншек» атты өлеңі әлемдік әдебиет антологиясының IV томында мажар тілінде Дьөрд Радо аудармасында жарық көрген.
Сол жылы Мұхтар Әуезовтің «Абай жолы» шығармасын мажар түркологы Иштван Қоңыр Мандокидің түсініктемесімен журналист, аудармашы Жужа Раб мажар тіліне аударған болатын.
1996 жылы мажар жазушысы Лайош Көрменди қазақ ақындарының «Дала ұлдары» атты шығармалар жинағында Абайдың «Өлең - сөздің патшасы» атты өлеңін басып шығарды.
Мажарстанда Абай еңбектерінің жариялануының арқасында мажар қауымы қазақ мәдениетінің ақындық және әдеби мұрасын танытуда.