Гөдөлө, 2022 жылғы 28 маусым - Қазақстанның Мажарстандағы Елшілік өкілдері Гөдөлө қаласындағы Мажарстандық ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университетінде қазақстандық студенттерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты.
Қазақстандық студенттер инженерия және биотехнология ғылымдары факультеттерінде «Стипендиум Хунгарикум» үкіметаралық гранты бойынша білім алып, магистр дәрежесіне иеленді.
Іс-шара барысында Елшілік өкілдері түлектерге жиналған тәжірибесін арттыруда үлкен табыс, барлық өзгерістерге төзімділік, инновациялар мен жаңа технологиялар дәуірінде қарқынды даму мен өркендеу тіледі.
1787 жылы негізі қаланған Гөдөлө қаласының Мажарстандық ауыл шаруашылығы және жаратылыстану ғылымдары университеті Мажарстандағы ең көне техникалық университеттердің бірі болып табылады.