Будапештке әлемнің түкпір-түкпірінен келген еврей қауымдастығы жиналды

Будапештке әлемнің түкпір-түкпірінен келген еврей қауымдастығы жиналды

Будапешт, 2022 жылғы 27 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Еврей қауымдары Федерациясының Президенті - Дүниежүзілік Еврей Конгресінің Вице-президенті Андраш Хейслердің Будапештте өткен Бүкіл әлемдегі еврей қауымдары өкілдерінің жиналысына орай ұйымдастырған Ұлттық Қауым директорларының жетінші Форумына қатысты.

Қазақстанның еврей қауымынан Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің мүшесі, "Мицва" қауымдастығы заңды тұлғалар ұйымы кеңесінің төрағасы, "Центр Забота - Хэсэд Полина" республикалық еврей қайырымдылық бірлестігінің президенті Александр Барон қатысты.