Қарсағ, 2022 жылғы 25 маусым – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның шығысындағы Қарсағ қаласында маусымның соңғы сенбісінде дәстүрлі түрде өтетін қой етінен пісіру фестиваліне қатысты.
Іс-шара аясында Ж.Әбдрашов Мажарстан Парламентінің депутаты, Қыпшақтар одағының президенті Шандор Ковачпен, Карсағ қаласының мэрі Тибор Сепешимен және Қазақстанның Мажарстандағы Құрметті консулы Ласло Хорватпен кездесті.
Кездесу барысында екі елдің экономика және мәдениет салаларындағы ынтымақтастық мәселелері, сондай-ақ өңірлік байланыстар талқыланды.
Бұл аумаққа 13 ғасырда келген қыпшақтардың ұрпақтары тарихи түрде Қарсағ қаласында тұратынын, сондақ-ақ Қарсағ қаласы Қазақстанның Меркі қалысымен (Жамбыл облысы) туысқан қала екендігін атап өткен жөн.