Республикалық референдум 2022

Республикалық референдум 2022

Құрметті отандастар!

2022 жылғы 5 маусымда (жергілікті уақытпен 07.00-ден 20.00-ге дейін) Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі жанындағы № 243 дауыс беру учаскесінде ҚР Конституциясына енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды қабылдау мәселесі бойынша республикалық референдум өтеді.

Негізгі заңға енгізілетін түзетулер біздің еліміз үшін тағдыршешті мәнге ие. Өзгерістер Конституция баптарының үштен біріне қатысты болады. Сондықтан Елбасшысы бұл мәселені республикалық референдумға шығаруды ұсынды - еліміз үшін осындай маңызды шешімдер бүкілхалықтық ерік білдіру негізінде қабылдануға тиіс.

Қазақстанның 18 жасқа толған, белсенді сайлау құқығына ие әрбір азаматының референдумға қатысуға конституциялық құқығы бар.

Республикалық референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізімінде сіздің деректеріңіздің болуы осы құқықты іске асырудың кепілі болып табылады.

Қазақстан Республикасының Мажарстандағы Елшілігі жанындағы № 243 дауыс беру учаскенің тізіміне осы елдің аумағында тұрақты немесе уақытша тұратын Қазақстан Республикасының барлық азаматтары енгізіледі.

Референдум өтетін күні өзіңізбен бірге Қазақстан Республикасы азаматының паспорты болуы қажет.

Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының www.election.gov.kz веб-сайтынан, сонымен қатар Елшіліктің кейінгі ақпараттық хабарламаларында таба аласыз.

Барлық сұрақтар бойынша келесі телефон нөмірлеріне хабарласуыңызға болады: +36 1 275 13 00; +36 1 275 13 01.

Елшіліктің мекен-жайы: 1025 Budapest, Kapy utca 59.

Баршаңызды азаматтық жауапкершілік танытуға және республикалық референдумға қатысу құқығыңызды іске асыруға шақырамыз!