Будапешт, 2022 жылғы 13 сәуір – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан шіркеулерінің Экуменикалық кеңесінің Бас хатшысы Вильмош Фишлмен кездесті.
Кездесу барысында Елші Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының Төрағасы – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы Мәулен Әшімбаевтың атынан Бас хатшыға 14-15 қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өтетін Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының VII Съезіне шақыру хатын табыс етті.
Елші Қазақстанның көпконфессиялы және көпэтносты қоғамда бейбітшілік пен келісімді сақтаудағы тәжірибесі, съездің мақсаттары мен міндеттері, оның 2003 жылы басталу тарихы, сондай-ақ оның жұмысына қатысқан саяси және діни көшбасшылары туралы айтты.
Сонымен қатар, В.Фишлді Жаңа Қазақстанды терең жаңғырту мен құруға бағытталған жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы хабардар етті.
Сонымен қатар, әңгімелесушілер дінаралық және конфессияаралық салалардағы өзара іс-қимыл мәселелерін талқылап, әртүрлі діндер мен конфессиялар өкілдері арасындағы диалогты кеңейтудегі Съездің жоғары рөлін атап өтті.
Мажарстан шіркеулерінің Экуменикалық кеңесінің Бас хатшысы В.Фишл шақыруды ризашылықпен қабылдап, VII Съезідің жұмысына қатысатынын растады.
Ол Қазақстанның диалогты, бейбітшілік пен ұлттық бірлікті ілгерілетудегі күш-жігерін, сондай-ақ Қазақстанның жетекші рөлін және оның дінаралық және конфессияаралық қатынастарды нығайтуға бағытталған бастамаларын жоғары бағалады.