Будапешт, 2022 жылғы 11 сәуір – Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінде Мемлекеттік хатшының мәдени дипломатия жөніндегі орынбасары Мартон Шөберлмен кездесті.
Кездесу барысында тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық саласындағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін, Қазақстан-Мажарстан кино индустриясы саласындағы өзара іс-қимылдың перспективаларын талқылады. Атап айтқанда аталған ынтымақтастық шеңберінде қазіргі уақытта бірлескен киножоба бойынша жұмыстар жүргізілуде.
Ж.Әбдрашов Қазақстан Республикасы мен Мажарстан арасында дипломатиялық қарым-қатынас орнауының 30 жылдық кезеңінде мәдени-гуманитарлық саладағы ынтымақтастық сапалы жаңа деңгейге көтерілгенін мәлімдеді.
Қазақстандық дипломат сондай-ақ осы саладағы жемісті екіжақты ынтымақтастықтың оң тренді Қазақстан-Мажарстан достығын нығайтып қана қоймай, елдеріміз халықтарының мазмұнды қарым-қатынасы үшін мүмкіндіктерді кеңейтетінін атап өтті.
М.Шөбер жаңа Қазақстанды терең жаңғырту мен құруға бағытталған жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы хабардар болды.