
Будапешт, 2022 жылғы 6 сәуір - Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов БҰҰ Азық-түлік және ауыл шаруашылығы ұйымы (ФАО) Бас директорының орынбасары, Еуропа және Орталық Азия бойынша өңірлік өкілі Владимир Рахманинмен кездесті.
Қазақстан мен ФАО өңірлік офисінің арасындағы ауыл шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі саласындағы практикалық өзара іс-қимыл мәселелері, сондай-ақ Қазақстан-ФАО әріптестігі бағдарламасы шеңберінде Қазақстанда ауыл шаруашылығы жобаларын іске асыру перспективалары талқыланды.
Кездесу барысында қазақстандық дипломат жаңа Қазақстанды жаңғырту мен құруға бағытталған жүргізіліп жатқан ауқымды саяси реформалар туралы айтып берді.