
Будапешт, 2022 жылғы 24 наурыз – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Дюла Андраши атындағы университетте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың халқына жолдауында: «Жаңа Қазақстан: Жаңару мен Жаңғыру» жарияланған ауқымды саяси реформалар бағдарламаларының және бірқатар әлеуметтік-экономикалық шаралардың негізгі аспектілері туралы баяндама жасады.
Қазақстандық дипломат өз сөзінде Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін саяси, мәдени, экономикалық және әлеуметтік элементтерді қамтитын тұтас процесс ретінде қарастыру керектігін атап өтті. Қазіргі заманның сыртқы және ішкі сын-қатерлерін сәтті еңсеру үшін Қазақстан саясат пен қоғамды жаңғыртуға ден қояды. Жаңғырту, өз кезегінде, жеке бастаманы босатуға және қолайлы экономикалық жағдайларды, оның ішінде саяси, қаржылық және әлеуметтік тұрақтылықты қамтамасыз етудегі мемлекеттің рөлін күшейтуге негізделуі керек. Жаңғырту бағдарламасы әрбір азаматтың өзін-өзі тану негізінде халықтың өмір сүру деңгейін түбегейлі арттыруға, әлеуметтік теңсіздікті азайтуға, Қазақстанның тәуелсіздігі мен мәдени құндылықтарын сақтауға мүмкіндік береді.
Қорытындылай келе, Қазақстан Елшісі реформалар қазақстандықтардың өміріне оң әсер ететінін, көпполярлы партиялық жүйенің қалыптасуына ықпал ететінін, сондай-ақ азаматтық белсенділікті ынталандыратынын қосты. Сонымен қатар, саяси өзгерістер адам құқықтарын қорғау саласын нығайтады және әкімшілік-аумақтық құрылымды оңтайландырады.
Жалпы, Президент Қ.Тоқаевтың елімізде жариялаған жаңа саяси бағыты университет студенттерінің шынайы қызығушылығын тудырды.