
Будапешт, 2022 жылғы 19 наурыз – Қазақстанның Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның көрнекті түркологы, шығыстанушы және саяхатшысы Арминий Вамберидің туғанына 190 жыл толуына орай Мажарстандағы Түркі мемлекеттерінің ұйымының өкілдігі ұйымдастырған гүл шоғын қою рәсіміне қатысты.
Аталған іс-шараға Мажарстанда аккредиттелген түркі мемлекеттерінің Елшілері мен қызметкерлері, көрнекті мажар ғалымдары мен түркологтары, сондай-ақ түркі елдерінің диаспора өкілдері қатысты.
Елші өз сөзінде мажар ғалымы А.Вамберидің Орталық Азия мемлекеттерін зерттеудегі маңызды рөлін және Еуропадағы түркітану ғылымының дамуына қосқан баға жетпес үлесін атап өтті.