Қазақстан Елшісі Мажарстанның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Қазақстан Елшісі Мажарстанның жаңадан сайланған президентін құттықтады

Будапешт, 2022 жылғы 10 наурызда - Елші Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Ұлттық Жиналысының (Парламент) сессиясына қатысты, оның барысында елдің жаңа Президенті сайланды. «Фидес-ХХДП» билеуші коалициясының кандидаты Каталин Новак депутаттардың басым дауысымен мемлекет басшысы болып сайланды. Сайлаудан кейін Каталин Новак ант қабылдады және 2022 жылдың 10 мамырынан бастап Мажарстан Президенті қызметіне ресми түрде кіріседі. Іс-шара барысында Елші Ж.Әбдрашов К.Новакты Мажарстан Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.