Будапешт, 2022 жылғы 6 наурыз – Қазақстанның Мажарстандағы Елшілігі «Hungexpo – Travel 2022» Халықаралық Туризм көрмесінде Қазақстанның туристік әлеуеті және еліміздің туристік секторына инвестиция жұмсау перспективалары туралы презентация өткізді.
Презентация барысында қатысушыларға туристік саланы ынталандырудың мемлекеттік саясаты туралы, сондай-ақ Баянауыл және Имантау-Шалқар курорттық аймақтары, Катонқарағай ұлттық табиғи паркі, Алматы тау кластері, Алакөл және Балқаш көлдері, Маңғыстау облысы және Түркістан қаласы сияқты туристік әлеуеті ең жоғары негізгі дестинациялар туралы айтылды, яғни оның инфрақұрылымды дамыту, туристік қызметтер мен өнімдердің қолжетімділігі мен сапасын арттыру, қолайлы инвестициялық ахуал жасау бойынша мемлекеттің күш-жігері бағытталатынын мәлімдеді.
Сондай-ақ, еліміздің туристік брендін шетелде ілгерілету мақсатында көрме қонақтарының назарына «Kazakh Tourism» ҰК АҚ имидждік бейнеролигі ұсынылды.