Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Мажарстанның Энергетикалық зерттеулер орталығының өкілімен кездесті

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Мажарстанның Энергетикалық зерттеулер орталығының өкілімен кездесті

Будапешт, 2022 жылғы 1 наурыз - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Энергетикалық зерттеулер орталығының радиациялық қорғау Департаментінің басшысы - ядролық энергетика жөніндегі Қазақстан-Мажарстан жұмыс тобының тең төрағасы Тамаш Пазмандимен кездесті.

Кездесу барысында екі елдің ғылыми орталықтарының атом энергиясын зерттеу және бейбіт мақсатта пайдалану саласындағы практикалық өзара іс-қимылының перспективалары талқыланды.

Бұл кездесу Қазақстан мен Мажарстан арасындағы атом энергетикасы саласындағы ынтымақтастықты жолға қою жөніндегі жұмыстың жалғасы болды.

Айта кететін жайт, 2022 жылғы 28 қаңтарда Жәнібек Әбдрашов қолданыстағы «Пакш» АЭС-ін және «Пакш-2» АЭС-інің құрылыс алаңын жұмыс сапармен барып, «Пакш-2» АЭС-ін жоспарлау, салу және пайдалануға беру министрі Янош Щулимен кездесу өткізді.