Қазақстан Елшісі мажарлық «Bioextra Co. Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі мажарлық «Bioextra Co. Ltd.» компаниясының басшылығымен кездесті

Будапешт, 2022 жылғы 23 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Bioextra Co. Ltd.» фармацевтикалық зауытында болды. Елші компания басшылығын Қазақстандағы ағымдағы жағдай туралы хабардар етіп, мемлекеттің шетелдік инвестициялар субъектілерін және шетелдік компаниялардың бизнесін қорғау, еліміздегі инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша қабылдап жатқан шаралары туралы баяндап, сондай-ақ Қазақстанда өндірісті оқшаулау мүмкіндіктерін талқылады.