Елші қазақстандық студенттерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Елші қазақстандық студенттерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты

Будапешт, 2022 жылғы 16 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Будапешттің техникалық және экономикалық ғылымдар университетінде Қазақстандық студенттерге диплом тапсыру рәсіміне қатысты.

Қазақстандық студенттер электротехника және информатика, сәулет, көлік және автомобиль жасау, химия және биоинженерия, жаратылыстану ғылымдары факультеттерінде «Стипендиум Хунгарикум» үкіметаралық гранты бойынша білім алып, магистр дәрежесіне иеленді.

Іс-шара барысында Елші түлектерге жиналған тәжірибесін арттыруда үлкен табыс, барлық өзгерістерге төзімділік, инновациялар мен жаңа технологиялар дәуірінде қарқынды даму мен өркендеу тіледі.

1782 жылы негізі қаланған Будапешттің техникалық және экономикалық ғылымдар университеті Мажарстандағы ең көне техникалық университеттердің бірі болып табылады.