Будапешт, 2022 жылғы 7 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстан Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академия және «Стипендиум Хунгрикум» білім беру бағдарламасы мәселелері жөніндегі Мемлекеттік хатшысы Др. Оршоя Пачай-Тамашичпен кездесті.
Кездесу барысында тараптар білім беру саласындағы Қазақстан-Мажарстан екіжақты қарым-қатынастарын талқылады.
Елші мажарстандық жоғары оқу орындары әрдайым мамандар даярлаудың жоғары сапасымен танымал болғанын атап өтіп, Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің білім беру бағдарламасының аясында атқарып отырған жұмысты өзгеретіндігін, яғни қазіргі уақытта Қазақстан техникалық білімі бар мамандарды даярлауға екпін сала отырып, жаңа экономикалық модель құрылатындығын айтып берді.
Қазақстандық дипломат Еуразиялық ұлттық университеті мажар студенттерді қабылдауға дайын екенін және аталған университеттің қабырғаларында 2021 жылғы қазан айынан бастап мажар тілін оқытып жатқанын мәлім етті.
Мемлекеттік хатшы Мажарстан Қазақстанмен стратегиялық қарым-қатынастарын жоғары бағалайтынын және «Стипендиум Хунгарикум» білім беру бағдарламасының осы екіжақты байланыстардың ішінде орны ерекше екенін айтты.