ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САНАҒЫ 2021

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҰЛТТЫҚ САНАҒЫ 2021

Құрметті Қазақстан Республикасының азаматтары!

2021 жылғы 1 қыркүйектен 30 қазанға дейінгі кезең аралығында Қазақстан Республикасында жалпыұлттық халық санағы өтеді. Шетелде жүрген Қазақстан азаматтары 2021 жылғы 1 қыркүйек пен 15 қазан аралығында «https://sanaq.gov.kz/» сайтында онлайн-режимде санақ парақтарын толтыру арқылы халық санағынан өте алады. Онлайн-режимдегі санаққа қатысу үшін, ең алдымен, «https://sanaq.gov.kz/» сайтында тіркеуден өту керек. Тіркеуден және авторизациядан сәтті өткеннен кейін толтырылуы қажет санақ парақтарының электрондық нұсқалары қолжетімді болады. Толтырылған санақ парақтары автоматты түрде санақ базасына түседі.