Будапешт, 2022 жылғы 3 ақпан – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институтының директоры Мартон Угрошдимен кездесті.
Кездесуде Елші 2022 жылдың қаңтар айының басында Қазақстанда орын алған оқиғаларды тергеу барысы, ұсталған азаматтардың құқықтарын қамтамасыз ету шаралары, сондай-ақ Президенттің жаңа әлеуметтік-экономикалық бастамалары, Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа Қазақстанды» құрағаны туралы айтып берді.
Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігі жанындағы Сыртқы саяси зерттеулер институты мен Мажарстанның Сыртқы экономикалық байланыстар және сыртқы істер институты арасындағы ынтымақтастық перспективалары талқыланды.