Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі «Пакш» АЭС-да болды

Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі «Пакш» АЭС-да болды

Будапешт, 2022 жылғы 28 қаңтар - Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов «Пакш» атом электр станциясына жұмыс сапар жасап, оның энергия блоктарының жұмысымен танысты. Сондай-ақ «Пакш-2» АЭС жаңа энергия блоктарын салуға дайындық бойынша құрылыс алаңында болды.

Станцияға сапар аясында «Пакс-2» АЭС-ті жоспарлау, салу және іске қосу мәселелері жөнінде министрі Янош Щулимен кездесу өтті. Кездесу барысында Қазақстан мен Мажарстанның атом энергетикасы саласындағы екіжақты ынтымақтастығының келешегі талқыланды.