
2022 жылғы 27 қаңтарда Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов мажарлық «Hir TV» телерадиокомпаниясының «Күннің өзекті мәселелері» телебағдарламасына қатысты.
Елші бағдарлама жүргізушісі Матей Герхардқа Қазақстандағы қайғылы қаңтардағы оқиғалар болашақта мұндай әрекеттердің қайталанбауы үшін мемлекет пен қоғамды біріктіру қажеттігін көрсетіп отырғанын хабарлады.
Сондай-ақ Ж.Әбдрашов Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтардың өмір сүру сапасын, әл-ауқатын арттыруға бағытталған «Жаңа Қазақстанды» қалыптастыру жөніндегі жаңа әлеуметтік-экономикалық бастамалары туралы айтып берді.
Сілтеме: https://youtu.be/lPGva5X9zpQ