Қазақстан Елшісі мажарстандық Electron Holding Zrt компаниясының басшылығымен кездесті

Қазақстан Елшісі мажарстандық Electron Holding Zrt компаниясының басшылығымен кездесті

Будапешт, 2022 жылғы 26 қаңтар – Қазақстанның Мажарстандағы Елшісі Жәнібек Әбдрашов Қазақстанда жаңартылатын энергия саласындағы инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жоспарлап отырған мажарстандық Electron Holding Zrt. компаниясының басшылығымен кездесті.

Кездесу барысында Ж.Әбдрашов мажарстандық кәсіпкерлерді Қазақстанның қазіргі жағдайы туралы хабардар етті, сондай-ақ мемлекет тарапынан Қазақстандағы шетелдік инвестиция субъектілері мен шетелдік компаниялардың бизнесін қорғау үшін қажетті шаралар қабылданып жатқанын айтты.

Сонымен қатар, Елші Қазақстанның шетелдік инвесторлар алдындағы барлық міндеттемелерін орындауын, сондай-ақ инвестициялық ахуалды жақсарту бойынша жұмыстарды жалғастыратынын баса айтты.

Өз кезегінде компания өкілдері Қазақстан халқы мен басшылығына қолдау білдіріп, елдегі жағдайдың тезірек жақсаратынына сенім білдірді және Қазақстанда жоспарланған инвестициялық жобаны жүзеге асыруды жалғастыратындықтарына сендірді.